Синоптиктердің болжамы бойынша 23 наурыздан бастап күн күрт жылынады. Осыған байланысты СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Ерік Сарыбаев Петропавлдағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлерінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Тілшіміз Ұлан Ыдырыс тарқатып айтсын.


Ұлан Ыдырыс, тілші:

«Алдағы демалыс күндері синоптиктердің болжамы бойынша ауа райы күрт жылынады. Оған қоса биыл жауған қардың көлемі де өткен жылмен салыстырғанда артқан. Мысалға осы жылы облыс бойынша шығарылған қар 1млн 600 текше метрді құрап отыр, бұл соңғы 7 жылдағы рекордттық көрсеткіш.»


Күн күрт жылынса қар еріп, су басу қаупы бар аймағында тұрған адамдарды әбігерге салуы мүмкін. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Ерік Сарыбаев №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлерінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.


Ерік Сарыбаевтың айтуынша қазіргі таңда барлық төтенше жағдайлар қызметкерлерінің тиісті құрал жабдықтары бар, олар су тасқының алдын алуға толығымен дайын.


ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІнің БАСТЫҒЫ:

«Қазіргі таңда барлық аудандарда су деңгейі тұрақты. Мониторинг жұмыстары күнделікті жүргізілуде./////// Бірінші кезекте біздің топтар аудандарға барғаннан кейін ауылдық округ әкімдері және жергілікті кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатулары тиіс. Судың негізгі биыл біз күтіп отырғандарыңыздай ағын судан қауып төніп отыр.Қазіргі таңда мынау аудандарға жөнелтілетін күштердің дайындығы сақадай сай».


Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Еділ Зікірин де су тасқынының алдын алуға дайындық жоғары деңгейде екенін жеткізді. Төтенше жағдайлар қызметкерінің жасағы биыл Мағжан Жұмабаев ауданына жұмылдырылады . Бұл аймақта аудан орталығы Булаев, сонымен қатар Қоскөл,Алуа,Октябрьское, Возвышенка ауылдарын су басу қауіпі бар.


ЕДІЛ ЗІКІРИН, ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

 «Дайындық жылдағыдай өте жоғары деңгейде. Техника, жеке құрам, құрал жабдықтар барлығы дайын. Биыл қардың көп болуына байланысты су басу қаупі артты. Әр кім өзіне бекітілген көлігін, жабдықтарын, су сорғыш помпаларын, жилет, комбинезон , қайықты тексереміз. Сосын оның барлығын көлікке салып қоямыз. Барлығы дайын тұрады, команда түскен кезде көллікке мініп аттанамыз».


Айта кетейік, су басу қаупі бар аудандарға 185 төтенше жағдай қызметкері 41 техника, 72 су сорғыш құралы сонымен қатар әскери құрамнан 2 техника және 60 адам жұмылдырылатын болады.