Наурызнама онкүндігіне орай Петропавл ардагерлері облыс орталығының өндірістік нысандары мен құрылыс алаңдарын аралады. Іс-шараға облыс басшылығының қатысуымен ұйымдастырылды.


Ақсақалдар алдымен «Береке» ықшам ауданында болды. 300 балаға арналған мектеп-интернатының құрылысын көріп, ауыл шаруашылығы тіркемесін шығаратын зауытты аралады. Кейін ардагерлер құрғақ құрылыс қоспаларын жасайтын және автоклавты бетон өндіретін «Mix Universal» ЖШС мен облыстағы ең ірі «Зеленый Север» жылыжай кешенінде болды. Сондай-ақ, Петропавл трактор зауытына барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Ардагерлер өз кезегінде өңірдегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Қала кәсіпорындарындағы өнімділік деңгейі де біршама өскенін атап өтті.