Наурызнама күнтізбесіне сәйкес, бүгін – Ұлттық спорт күні. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Соның бірі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Петропавл ауыр машина жасау зауытында өтті. Іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты.


 Кәсіпорында 11 этнос өкілі білек сыбана еңбек етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бүгін олар өз ұлтық тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түсті. Және өздері әзірлеген тағамдарын көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ этнос өкілдері ұлттық киімдер байқауына да қатысты. Жалпы, алаңда Ұлыстың ұлы күніне арнап 11 киіз үй тігілді.


АРМАН ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, «ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Мейрамды тойлап жатырмыз. Өзіңіз көріп отырғаныңыздай, 6 дастарханды жайып, 6 этнос бойынша тағамдардлы көрсетіп жатырмыз. Және бірнеше конкурстар болады. Би де болады бүгін. Әр этнос салт-дәстүрін көрсетеді.


Мерекелік іс-шараға ауыр өнеркәсіпте янбай қызмет еткен ардагерлер, зауыт қызметкерлері мен олардың отбасы жиналды. Ұжымдағы этнос өкілдері арқан тартыс, гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен де сынға түсті. Оған қоса, олар өз ұлтының биін мың бұрала билеп, би байқауында өз өнерлерін ортаға салды.


 АРМАН ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, «ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Әр жұмысшыға жиырма бес мың теңгеден сыйақы бердік. Бүгін осы іс-шарадан кейін бәрі үйге қайтады. Бүгін қысқа жұмыс күні болады. Өйткені, ертеңнен бастап үлкен заказ бар бізде, 3 ауысыммен жұмыс істейміз.


 Іс-шара барысында зауыт ұжымының атынан қонақтарға кәуап пен палау да үлестірілді. Айта кетейік, кәсіпорында 600-ден астам қызметкер еңбек етеді.