Қызылжар ауданында елді мекендерден қар шығару жұмыстары басталды. Оған 20-дан астам техника жұмылдырылған. Бұл жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.


Қызылжар ауданында 15 елді мекен су басуы мүмкін қауіпті аймақта тұр. Қазіргі таңда ауданнан 42 мың текше метрге жуық қар арнайы полигонға шығарылды.


АХМЕТХАН ТОБЫЛБАЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БОЙЫНША БАС ИНСПЕКТОРЫ:

Аудан әкімінің тапсырмасына сай көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалғызілікті адамдар және халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасылар басты назарға алынды. Олардың үйлерінен қар шығару жұмыстары алдағы 1 ай көлемінде жүргізіледі.


Бескөл ауылының тұрғыны Надежда Баскакова зейнеткер. Бұл үйде 50 жылдан астам уақыт тұрады. Оның үйінің маңы жыл сайын көктемде су астында қалады. Сол себепті де, бұл жерден қарды уақытылы шығару маңызды.


НАДЕЖДА БАСКАКОВА, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шынымды айтсам менің үйімнің аумағынан қарды шағурға мамандар алғаш рет келіп тұр. Өте ризамын. Себебі, жыл сайын көктемде осы қар еріп, су басатын.Бізге қар шығару өте қиын. Бірақ шамамыз келгенше өзіміз істейтінбіз. Көршілерім өте жақсы. Өз үйлерінің аумағын қардан тазалағанда бізге де көмектеседі.


Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылжар ауданындағы 28 үйдің аумағынан қар шығарылған.


Жансая Қайыпова