Өңірде биыл табысты жасырудың 40 дерегі анықталды. «Көлеңкелі» экономикадан келген шығын млрд теңге шамасында, оның 700 млн-ы өтелген. Өңірде биыл қаржы пирамидаларын құруға қатысты 3 қылмыстық іс қозғалса, 2-уі сотқа жіберілген.

Брифингте көлеңкелі экономикамен күрес талқыға салынды. Салық төлеуден жалтарудың 3 фактісі анықталып, оның 2-і бойынша 500 млн теңгеге жуық шығын қайтарылды. Заңсыз айналымнан 136 мыңнан астам темекі өнімдері мен 1000 литрден астам суррогат алкоголь тәркіленді. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтар тіркелді.

САМАТ ШӘРІШЕВ, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Цифрлық технологиялардың дамуы және криптовалюталарды пайдаланудың өсуі олардың құқық бұзушылық жасауда қолданылуына да әсер етіп жатыр. Осылайша, жеке тұлғалар цифрлық активтер айналымы арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған. Анықталған факті бойынша үкім шығарылды. 400 млн теңге сомасына жуық мүлік пен криптоактивтер мемлекет пайдасына тәркіленді.