Петропавлда Якутия елінде тігілген аяқ-киімдер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Көпшілік назарына 200-ге жуық унты ұсынылды. Жылы, әрі сапалы аяқ киім іздеген жандар үшін жәрмеңке осы айдың 27-не дейін жұмыс істемек.
Сөреге қойылған бұл аяқ-киімдердің нарыққа шыққанына 10 жыл, яғни тұтынушысын тапқан, көпке белгілі өнім. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді унты етіктер бұғы терісінен Якут елінде тігілген. Сырты ұсақ моншақтармен кестеленіп безендірілген. Сапалы таза былғарыдан тігілгендіктен қыста аяқ тоңбайды. Олар -50 градусқа дейінгі суыққа төзімді.
ЕЛЕНА КОСОЛАПОВА - САТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР:
- Мына етіктер толығымен таза былғарыдан тігілген. Ішінде қой жүні бар. Сырты бұғының терісінен жасалған. Табаны қалың, сырғанамайды. Тұрғындар талғамдарына қарай қысқа, орташа немесе ұзын қонышты етіктерді таңдай алады.
Жәрмеңкеде әркім өз талғамына сай аяқ киім таба алады. Әйелдерге арналған унтының өлшемі 36-дан 44-ке дейін, ал ерлердікі 40-тан 49-ға дейін. Сондай-ақ, тауарды банк арқылы бірнеше айға бөліп төлеп алуға болады, ал қолма-қол есеп айырыссаңыз 10% жеңілдік қарастырылған.
ЕЛЕНА КОСОЛАПОВА , САТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР:
- Түстері табиғи, боялмаған, барлығы қолдан жасалған. Өте жылы, ыңғайлы аяқ киім. ылғал жібермейді. Сүйектер мен қан айналымына жақсы әсер етеді. Етіктердің бағасы 50 мыңнан басталады. Өнімдеріміз жоғары сұранысқа ие.
Жәрмеңке 27 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Петропавлдағы «Теннис» орталығында орналасқан. Мекенжайы Жамбыл Жабаев көшесі, 82А. Тұрғындар таңғы 10-нан кешкі 18:00-ге дейін өздеріне ұнаған аяқ киімді сатып ала алады.