Жасанды интеллект бейнекамералары Петропавл мектептеріне қойылып жатыр. Жасанды интеллект жүйесі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Биыл қараша айының соңында Ә Бөкейханов атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектепте осындай 8 бейнекамера орнатылған. Бұл -елордалық «Protector AI» фирмасының өкілдері ұсынған қауіпсіздік жүйесі. Жасанды интеллект арқылы оқушылар арасындағы төбелестің, буллингтің алдын алуға көмектеседі. Небәрі 8 секунд ішінде жүйе жазбаны арнайы Телеграм ботқа, ата-аналарға немесе мектеп директорына жібереді. Айта кетейік, елімізде балалар қауіпсіздігі бойынша бұл жоба алғаш рет біздің өңірде қолға алынған.

БАҒЛАН ЖАКУПОВА, Ә.БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ №25 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГЫ:

- Менің ойымша бұл жүйе барлық мектептерге өте қажет. Себебі мұғалімдер мен ата-аналар балалардың арасындағы кикілжіңдерді байқай бермейді. Ал бейнебақылау 24 сағат бойы жұмыс істейді. Сондықтан балалар қараусыз қалмайды. Бір жағдай болып қалса біз дер кезінде көріп, мәселенің алдын аламыз.