Петропавлда сот ағайынды жігітті 20 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Олардың бірі жүргізуші куәлігінсіз әрі мас күйде ағасының көлігін мінсе, екіншісі оған қарсылық білдірмеген. Ағайындылардың ісі Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды.

Д есімді жігіт өзін жайсыз сезінгендіктен, BMW көлігін ішімдік ішкен әрі жүргізуші куәлігі жоқ інісіне басқаруға берген. Ол сотта өз кінәсін мойындады. Інісі де заң бұзғанын растады. Медициналық куәландыру қорытындысы да оның жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтады. Сот қаулысымен ағайындылар кінәлі деп танылып, әрқайсысын 20 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.