Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті. Оқиға кеше түс шамасында болған. Ауыр жарақат алған сәби бірден жедел жәрдеммен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Анасының айтуынша, бала ас үйдегі орындықтан абайсызда құлап түсіп, көзіне пышақ кіріп кеткен.
Дәрігерлер дереу реанимациялық шараларды қолға алып, бала өміріне араша түсті. Барлық қажетті мамандар, соның ішінде нейрохирург пен офтальмолог қарады. Диагностикалық тексерістер, дәрігерлердің консилиумдары жүргізіліп, ашық бас-миының жарақаты, ауыр дәрежедегі мидың соғылуы диагнозы қойылды. Аталған факті Петропавл қаласы полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін және процестік шешім қабылдау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Жағдайы өте қатты ауыр. Жансақтау бөлімшесіне орналастырылды. Керекті барлық емдеу шаралары жүргізілді. Дәрігерлермен консилиум жасалып, компьютерлік томография бірнеше рет жасалып, керекті мамандармен керекті келісім жасалып, операцияға көрсеткіштер жоқ. Және де керекті емдеу оның ішінде трансфузиолог, инфузионная терапия, антибактериальная терапия, инотропная поддержка деген барлық керекті ем-шаралар қолдануда.