Петропавлда энергетиктер күніне Орай марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өз ісінің майталмандарын медальдар мен алғыс хаттармен мадақтады.
22 желтоқсан - Энергетиктер күні. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және тұтынушыларға сатуды қамтитын энергетика саласындағы барлық жұмысшылардың кәсіби мерекесі. Бүгін салтанатты жиында СҚО әкімі энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Құрметті энергетика саласының қызметкерлері, құрметті ардагерлер. Сіздерді кәсіби мереке, энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев энергетика саласын стратегиялық басымдық деп санайды. Еліміздің дамуы энергетика кешенінің тұрақтылығына тікелей байланысты. Құрметті энергетиктер, сіздердің еңбектеріңіз барша адамға жылулық пен тұрақтылық сыйлайды. Адал қызмет пен жауапкершілік үшін шынайы алғысымды айтамын.
Энергетика күні қарсаңында "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ кәсіпорындар тобының 63 қызметкері лайықты марапатқа ие болды. Олардың ішінде Бақыт Мағауова да бар. Ол бұл салаға 29 жыл өмірін арнаған екен. Сорғы станциясының машинисі болып жұмыс істейді. "Жұмыс қиын болса да, жаныма жақын", - дейді маман. Бүгін Бақыт III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденіне ие болды.
БАҚЫТ МАҒАУОВА, "ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ" ЖШС СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ МАШИНИСІ:
- Мүмкін, біреу бұл мамандық тек ер адамдарға арналған деп ойлайтын шығар. Бірақ, бұл мүлдем олай емес. Иә, қиын. Десе де, мен өз қызметімді абыроймен атқарып келемін, және мұны мақтан тұтамын.
Энергетиктер адамдардың үйлерінде жарық пен жылу болуы үшін үздіксіз жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметкерлері тұтынушыларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету барысында өз жұмыстарын абыроймен атқарып келеді. да. Олар барлық күш-жігерін ортақ игілікке жұмсауға дайын. Іс-шара мерекелік концертке ұласты.