Петропавлда полиция қызметкерлері бойжеткендерге өзін-өзі қорғауды, зорлық-зомбылықен күресуді үйретті. Іс-шараға жоғары оқу орнының, колледждердің студенттері қатысты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінгі таңда өзекті проблемаға айналып отыр. Қылмыстың алдын алу үшін полицейлер халықты хабардар етіп, құқықтық сауаттылығын арттыру қажет деп санайды. Петропавлдағы Оқушылар сарайында полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан университетінде, қаладағы колледждерде білім алып жүрген қыздармен кездесу ұйымдастырды.

Әсем Ілиясова — Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы:

- Іс-шараға «Айбын» өзін-өзі қорғау орталығының жаттықтырушы мамандары, Тұлға орталығының мамандары және полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері қатысты. Олар университет пен колледждердің студент қыздарына өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Аудитория тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлерімен танысты, қысымнан зардап шеккендерге көрсетілетін көмек және психологиялық қорғау әдістері туралы айтылды.

Александр Комков — «Тұлға» орталығының маманы. Мен зорлық-зомбылықтың мән-мағынасы, оның түрлері туралы айттым. Тұрмыстағы зорлықтың қандай белгілері болатыны жайлы баяндадым.Онымен күресудің жолдарын көрсеттім.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың офицерлері қыздарды өзін-өзі қорғау негіздерімен таныстырды. Үйренуге ниет білдіргендер сахнаға көтеріліп, жауынгерлермен бірге әдістерді пысықтады. Тәртіп сақшылары полиция келгенге дейін уақыт ұтуға мүмкіндік беретін қарапайым әдістерді үйретті.

Рүстем Ілиясов — «Айбын» өзін-өзі қорғау орталығының негізін қалаушы:

- Бүгінгі таңда әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылық өзекті тақырыптардың бірі. Сондықтан олар өзін-өзі қорғай білуі тиіс деп ойлаймын. 

Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға үлес қосып жүрген қоғам белсенділері марапатталды.