Қазақ әдебиетін әлемге танытқан қарымды қаламгер, аудармашы, қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгер көзі тірісінде еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосты. «Ұлты неміс, жүрегі қазақ» деп соққан нар тұлғалы азамат биыл 90 жасқа толар еді. «Сөз зергері – Бельгер» атты жазушыны еске алу кеші нөмірі 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде атап өтілді. Игі шараға мектеп оқушылары мен музей қызметкерлері қатысты.


Танымал жазушы, сыншы, әдебиет зерттеуші Герольд Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысындағы Энегльс қаласында дүниеге келді. 1941 жылы ата-анасымен бірге неміс ұлтының өкілі ретінде Қазақстанға жер аударылды. Осыдан бастап Гераға біздегі қазақ ауылында ер жетіп, қазақ тілін жетік меңгеріп шықты. Ұлты неміс болғанымен қазақтың тілін, тарихын, мәдениетін жақсы білген тұлғаның саналы ғұмыры әдебиетке арналды. Бір шаңырақ астында, бірнеше этностың басы тоғысқан мектеп оқушылары үшін бұл шараның берері мол дейді мектеп директоры.


ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА,  «№17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

- Герольд Бельгердің туған күніне орай біздің мектебімізде сондай керемет облыс арқылы іс-шара өткізіп жатырмыз. Олармен бірге біз қызмет жасағасын меморандумға отырдық. Себебі біздің балаларымыз ондай керемет адамдарды білуге тиісті. Әрі біздің мектебімізде 10 бөлім бар. Соның ішінде неміс бөлімі бар.


Еске алу кешінде Герольд Бельгердің шығармашылығын насихаттау мақсатында баяндамалар оқылды. Сондай-ақ көрмеде жазушының қолжазбалары, жеке заттары, дипломдары, марапаттары көпшіліктің назарына ұсынылды.


АҚНҰР БАЗАРБЕКОВА, ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

- 90 жылдық мерейтойына арнап әр жерде іс шаралар өтіп жатыр. Оған қуаншытымыз. Біз мақтан етеміз осындай жерлес жазушымыз Абай мен Пушкинмен біз қатар қоя аламыз. Последний казах ушел из жизни деп көптеген орыстың, қазақтың жазушылары айтып жатыр. Соның бірі міне Гераға. Дана жазушы, аудармашы, жан-жақты.


Қазақ әдебиетінің нағыз жанашыры бола білген Гераға ұлы Абайдың еңбектерін зерттеп, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Дүкенбай Досжан және өзге де қаламгерлердің шығармаларын әлемге танытты. Өзі де әдебиет әлеміне неміс, қазақ, орыс тілдерінде 70 жуық кітабын, 2000 мыңнан аса мақаласын аманат етті.