Петропавлда Әйелдер арасындағы волейболдан ҚР 32-ші Чемпионатының 4-ші туры басталды. Ұлттық лига 21-27 ақпан аралығында өтетін болады.


Чемпонатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 9 команда қатысып жатыр. Оның ішінде осы 4-ші турдан сүрінбей өткен 8 команда наурыздың 12-сі мен 21 аралығында өтетін «плей-офф» кезеңіне жолдама алады.


АЗАМАТ ЕСІМОВ, «ҚУАНЫШ» ВК БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Бүгін біздің команда түркістандық «Тұран» командасына қарсы ойнайды. Біздің алдымызда тұрған басты мақсат- жеңіске жету. Спортшыларымыз лайықты түрде және тыңғылықты дайындалды. Оларға үлкен сенім артамыз.


Кристина Швидкая- «Қуаныш» волейбол клубының спортшысы. Спорттың бұл түрімен 9 жылдан бері айналысады.


КРИСТИНА ШВИДКАЯ, «Қуаныш» волейбол клубының спортшысы:

- Чемпионатта Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаймыз. Командалардың барлығы дерлік өте мықты. Бүгін«Тұран» командасымен ойнаймыз. Олар өте лайықты қарсылас. Бірақ, ойында жеңіске жетеміз деп ойлаймын.


Айта кетейік, ҚР Чемпионатында жеңімпаз атанған команда сәуір айында өтетін Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын болады.