Өңір басшысы Петропавлдағы өндіріс және құрылыс нысандарын сонымен қатар білім беру мекемелерін аралады. Ғауез Нұрмұхамбетов олардың жағдайымен танысып , түйіткілді мәселелерін шешуге уәде берді.


Ғауез Торсанұлы алдымен Камиль Сафин атындағы облыстық бокс мектебіне барды. Мұнда 14 бапкер жұмыс істейді және 350-ге жуық бала жаттығады. Олардың 21-і спорт шеберлігіне үміткер. Бұл орталық көптеген чемпиондарды даярлады. Солардың қатарында көпшілікке жақсы таныс күрзі жұдырық иесі Евгений Павлов және Дариға Шәкімова, Наталья Богданова сынды боксшылар бар.


СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-   «Бұл жерде біз өңіріміздегі ең басты бокс және кикбоксинг турнирлерін ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары да осында өтеді. Петропавлда бокс үйірмелері «Олимп» спорт клубында, Олимпиадалық резерв мектеп-интернат колледжінде және «Жеңіс» спорт мектебінде бар. Яғни бұл жерді қоса алғанда қаламызда бокспен айналысуға арналған 4 орталық бар.»


Бокс орталығының жұмысымен танысқаннан кейін өңір басшысы Велосипед спортынан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне барды. Бұл орталық 26 жылдың ішінде 40 спорт шеберін тәрбиелеп шыққан. Мектепте 10 бапкер бар , олардың 4-уі жоғары санатты жаттықтырушы .


АЛЛА ВИННИКОВА, ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫНАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Орташа есеппен біздің орталықта 240-қа жуық бала бар . Олардың 4-уі спорт шебері, ал 12-сі оған үміткер.Айта кеткен жөн бізде балалар 18 жасқа дейін жаттығады. Қазіргі таңда орталықтың 14 тәрбиленушісі Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.»


Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Уәлиханов көшесінің бойында салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысын көрді. Бұл ғимаратты салуға «Trust Stroy” ЖШС 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Жоба бойынша тұрғын үйдің жеке паркингі және алаңы болады. Тұрғындар өз үйіне Face ID арқылы кіре алады.


- «Здесь система умного дома , все калитки откуда заходят клиенты вход через Face ID. Ты заходишь на территорию проходишь через Face ID.


 Құрылыс компания өкілдерінің айтуынша, бұл үйді осы жылдың наурыз айында қолданысқа беру жоспарда бар. Ғауез Торсанұлы баспаналардың сапасы жақсы екенін және тұрғындарға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:


САЛМАН АУШЕВ,  «TRUST STROY» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- «Подьезд очень хороший , площадки хорошие. Есть места для колясок, кладовые есть. Полностью будет видеонаблюдение и охранник.»


Құрылыс нысанынан соң облыс әкімі Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжіне барды. Білім ордасында 11 мамандық бойынша 1 мың 145 студент білім алады. Колледж директорының айтуынша, оқу орынын тәмамдаған түлектердің 97 пайызы жұмыспен қамтылған.


НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Өзіңіз білетіндей 2020-2021 жылдары «Жас маман» бағдарламасы өткен болатын. Оған біздің өңірдің 9 колледжі қатысты. Бұл оқу орындарына жалпы 2 млрд 400 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді Соның арқасында білім мекемелері өздерінің материалдық базасын жаңартты. Ауыл шаруашылығы колледждеріне жаңа техникалар сатып алынды».


Бұдан кейін Ғауез Торсанұлы «Mix Universal» ЖШС нің жұмысымен танысты. Бұл серіктестік газ блоктарын және құрғақ құрылыс қоспаларын шығарумен айналысады. Зауыт жылына 13 мың тонна дайын өнім өндіруге қауқарлы.


-   «Это все строительние площадки у вас берут да ? Это дешевле. Мы продаем ее на рынке за 30 тыс теңге. Мы снизили цену здесь. »


 Өндіріс нысанынан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов «Алтын Бесік» балабақшасына барды. Орталықта 320 бала бар, олар 14 топқа бөлінген, 10 топ қазақ тілінде тәрбиеленеді. Бұл жерде бүлдіршіндердің дамуына бар жағдай жасалған.


«Мында балалар екі араласқан дәндерді тазалап қобдишаға жинайды. »


Балабақшаның жұмысымен танысқаннан кейін Ғауез Торсанұлы нөмірі 17 ұлттық жаңғыру орта мектебінде болды. Білім ордасында 1881 бала білім алады. Биылғы жылы мекетепті 86 түлек аяқтаған, олардың 11-і алтын белгі иегері. Оқу ордасында 10 ұлттық бөлімше бар. Яғни өзге этнос өкілдеріне бұл бөлімшелерде демалыс күндері ана тілдерінде сабақтар өтеді.


Биыл білім ордасы 1 млн теңгеге спорттық жабдықтарды жаңартты.