Петропавл қаласында «Эко-батырлар» атты зияткерлік ойыны өтті. Экологиялық сайыс Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті оқу орындарының студенттері қатысты.
Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткізілді. Ойынның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру. Командалар эстафеталық кезеңде, табиғат туралы білім сайысында және жер ресурстарын үнемді пайдалану бағытында өзара сынға түсті.
СНХР: ДАМИР АБДИН – ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Студенттер ойынға үлкен қызығушылық танытты. Олардың айтуынша, мұндай экологиялық акциялар мен сайыстар табиғатты аялауға, саналы және жауапты болуға шабыттандырады.
СНХР: ГЛЕБ ФОМКИН – СТУДЕНТ
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, мұндай бастамалар дәстүрге айналады деген сенімде.