Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир басталды.

Турнирге Қазақстанның 10 облысынан және Ресей Федерациясынан келген 4 команда қатысты. 100-ден астам жас спортшы кілемге шығып, өздерінің күшін, төзімділігін және шеберлігін сынға салды. Көптеген қатысушылар үшін бұл турнир спорттық мансаптарындағы маңызды кезең және тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды.

СНХР: АЙДЫН САРСЕКЕЕВ, БАС ТӨРЕШІ