Петропавл қаласының 78 жастағы тұрғыны – өмірін өлеңмен тығыз байланыстырған. Алғашқы махаббаттан бастау алған шығармашылық оған поэзия әлемінің есігін ашты. Оны отбасына, туған жер табиғатына және ел жетістіктеріне деген сүйіспеншілік шабыттандырады. Ол шахтер болып қызмет атқарған. Кәсібінің қиындығына және тағдыр соққыларына қарамастан, ол жүректен шыққан, махаббатқа толы өлеңдерін жазуды жалғастырып келеді. Біздің түсірілім тобы ақынның шаңырағында болып, шығармашылығымен танысып қайтты.


Николай Николаевич әдебиет бойынша арнайы білім алмаған, шабыт келгенде өлең жазып, жыр жолдары бірінен соң бірі қағаз бетіне төгіледі. Ол үш бала тәрбиелеп өсірген, ұлдарының біріне оның ақындық дарыны дарыған. «Шахтер мамандығы – ауыр, бірақ абыройлы еңбек», – деп Николай Еременко өзінің еңбек жолын еске алады

СНХ: НИКОЛАЙ ЕРЕМЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Николай Николаевичтың өлеңдері көпшілікке шабыт береді. Оның бұрынғы ауылдасы өлеңдеріне әуен жазып осылайша бірнеше ән дүниеге келді. Ал ақынның өзі туған елімен мақтанады және содан шабыт алады. Туған жерге арналған өлеңдері аз емес.