Ғазиз Байтасовты еске алу күні Петропавлда полиция ардагерлері мен қызметте ерлігімен көзге түскен бүгінгі күннің батырлары оқушылармен кездесті. 

12 қараша — 2011 жылы Тараз қаласында аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу күні. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен Петропавл қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмыс күнін бір минут үнсіздікпен және батырдың мемориалдық тақтасына гүл қою рәсімімен бастады.

СНХР: Ерлан Кәрібаев — Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары 

Полиция қызметкерлері капитан Байтасов туралы естеліктерімен «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен бөлісті.


Петропавлдық оқушылар полиция ардагерлерімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған қазіргі заманның батырларымен кездесті. IT-лицейдің «полицей сыныбының» алдында Бахтияр Дощанов сөз сөйледі. Ол 2024 жылдың мамыр айында бесінші қабаттағы балкон қоршауынан секірмек болған әйелді құтқарып, өз өмірін қатерге тіккен еді. Батыр патрульдің әңгімесін Петропавл қаласы ІІолиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары, полиция ардагері Александр Дёров толықтырды. №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде оқушылар Жәнібек әнуарбековтың ерлік оқиғасын тыңдады.