Айыртау ауданының ауыл шаруашылығында биыл 524,2 мың тонна дәнді дақыл жиналды, оның 80,6 мың тоннасы майлы дақыл. Гектарына орташа өнімділік – 20,3 центнерді құрайды. Өнімділікті арттыру мақсатында 397 мың гектарға 30 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізілген. Жалпы 4747 тоннадан астам тұқым сатып алынды, оның 4322 тоннасы – элиталық сұрып. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде айтылды.
Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаевтың мәліметінше, аудандағы ауыл шаруашылғы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып отыр. «Форвардтық сатып алу» бағдарламасы, «Кең дала» жобасы және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 миллиард теңгеден астам қаржы тартылған. Қаражат маусымдық дала жұмыстарын жүргізу мен өндірісті дамытуға бағытталды.
СНХ: МЕЙРАМ МЕНДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Брифингте айтылғандай, 2025 жылдың 9 айында Айыртау ауданында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы сала ретінде басымдыққа ие болып, оған 6,8 млрд теңге инвестиция бөлінді. Бұл өткен жылдың деңгейінен 102%-ға жоғары.
СНХ: МЕЙРАМ МЕНДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауданның басты салаларының бірі – туризм. Өткен жылмен салыстырғанда туристік нысандар саны 48-ге жетті. Биыл балаларға арналған сауықтыру орталығы ашылды, сонымен қатар 3 туристік нысанның құрылысы аяқталып, оларға 600 млн теңгеден астам инвестиция салынды. Қазір туризм саласында тағы 8 инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде.