Сауда дүңгіршектерінде орын алған өрттің неден шыққанын төтенше жағдайлар департаменті мамандары жария етті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған төрт дүңгіршектің үшеуіндегі тілсіз жауды ауыздықтап үлгерсе, біреуі толығымен жанып кеткен.
Өрт түскі уақытта Астана мен Интернациональный көшелерінің қиылысында орналасқан сауда дүңгіршектерінің бірінде шыққан. Ол кезде сауда нүктесінде ешкім болмапты. Шұғыл шақырту түскеннен кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен. Мамандар,- өрттің шығуына қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, сымдардың қысқа тұйықталуы мен электр жабдықтарының ақауы себеп болған,-дейді. Одан бөлек дүңгіршекке электр кернеуі 380 вольт болатын желі тартылған. Ол кәсіби өрт сөндірушілер үшін де өте қауіпті.
СНХР: ӘДІЛ СПАЕН - СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Күндізгі бірден бес минут кеткенде 14 адамнан құралған құтқарушылар қызыл жалынды толығымен ауыздықтап үлгерген. Өрт шыққан аумақ - 18 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Кәсіпкерлерге келген шығын құны 3 миллион теңге шамасында.
СНХР: ЕРБОЛ МҰХАНБЕТАЛИН, СҚО ТЖД АНЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ