Петропавлда тарихи-өлкетану музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Жошы Ұлысы кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрме ашылды. Көрмеге «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қорынан алынған 100-ге жуық жәдігер қойылған. Тақырыпты тілші тарқатады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына тоқталған болатын. Президент бұл оқиғаның зор символдық мәнге ие екенін және Қазақстанның мемлекеттілік дәстүріндегі ерекше орнын атап өткен болатын.

СНХР: ҒАЛЫМ ОСПАНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҰЛЫТАУ» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ


Көрме аясында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қорынан алынған 100-ге жуық жәдігер қойылған. Олардың қатарында Алтын Орда дәуіріне жататын кесенелердің безендірілген кірпіштері, Жошы хан кесенесінің күмбезі, ортағасырлық бірегей монеталар мен тарихи карталар бар.

СНХР: ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР


Бұл көрменің мақсаты — халқымыздың төл тарихын насихаттап, Алтын Орда кезеңінен қалған құнды мұраларды жұртшылыққа таныстыру. Көрме 26 қарашаға дейін жалғасады. Алтын Орда мұрасымен танысам деушілерге Тарихи-өлкетану музейінің есігі ашық.