Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы ауруханасында алғаш рет ми ісігіне эмболизация жасау отасы өткізілді. Бұл жоғары технологиялы медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылды.
Бір күннің ішінде облыстық аурухананың мамандары Астана қаласындағы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімінің дәрігері Бауржан Құнақбаевтың қатысуымен 7 науқасқа операция жасады. Шеберлік сабағы барысында ми қан тамырлары ауруларына ем жасалды. Сондай-ақ өңірде алғаш рет ми ісігіне эмболизация және үштік жүйке невралгиясын емдеу отасы жүргізілді. Қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары тұрақты және қанағаттанарлық. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында олар емді тегін, емхана жолдамасы арқылы алды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында өңір тұрғындарына 257,4 миллион теңге сомасына 41 жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әрбір азаматқа қымбат ем түрлері қолжетімді. Созылмалы аурулары бар тұрғындар тұрақты бақылауда болып, тегін тексеруден өтеді және ем қабылдайды. 4 жоғары технологиялы медициналық қызметтің 25-і міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында, ал 16-сы тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі бойынша көрсетілді. Оның ішінде 33 ота нейрохирургиялық, 8 ота кардиологиялық бағытта жасалды, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Айнагүл Дәулетчина. Осылайша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтарға өмірді сақтап қалуға және қымбат ем түрлерін тегін алуға мүмкіндік беріп отыр.