Ашық есік күні Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде де өтті. Қала мектептерінің оқушылары оқу орны ұсынатын мамандықтармен оқу шарттарымен танысты. Болашақ талапкерлер үшін танымдық экскурсиялар мен қызықты шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.


Мария Королькова электр жабдықтарды монтаждаушы мамандығын меңгеріп жүр. Ол әрдайым қолмен жұмыс істеп, еңбегінің нәтижесін көруді жақсы көретінін айтады.


СНХ: МАРИЯ КОРОЛЬКОВА, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ


Аталмыш оқу орнында еңбек саласындағы мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда оқу орнында тоғыз түрлі мамандық және он үш біліктілік бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік бар.

аударма

СНХ: ОЛЬГА МОРЕВА, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Бұл іс-шара өз болашақ мамандығын таңдауға қызуғышылық танытқан жастарға арналып ұйымдастырылған. Ашық есік күні аясында талапкерлер шеберлік сабақтарына, интерактивті алаңдарға қатысып, сондай-ақ қабылдау комиссиясы мамандарынан кеңес ала алады.

Келушілер үшін қызықты шеберлік сабақтары, оқу зертханалары мен шеберханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды.


Экскурсия оқушылардың көңілінен шықты. Олар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.


Колледжде оқу тегін жүргізіледі, студенттерге шәкіртақы тағайындалған. Ал кейбір оқу бағдарламалары дуалды оқыту форматында жүзеге асырылады, яғни студенттер теориялық білімін практикамен қатар меңгереді.