Мемлекеттік корпорация азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді. Бүгінде бұл құралдар күнделікті жұмыс тәжірибесіне еніп, қызмет көрсетудің заманауи жүйесінің тұрақты бөлігіне айналды.

Цифрлық сервистерді дамыту аясында Мемлекеттік корпорация жасанды интеллект технологияларын да енгізуде. 2025 жылдың мамыр айынан бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығында генеративті жасанды интеллект негізіндегі дауыс көмекшісі жұмыс істейді. Ол 7 автоматтандырылған және 20 кеңес беру қызметін ұсынады. Іске қосылған сәттен бері 230 мыңнан астам қоңырау өңделген. Мобильді цифрландыру да мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың үйреншікті тәсіліне айналды. «ЦОН» мобильді қосымшасын шамамен 2 миллион адам қолданады. Онда 79 түрлі қызмет түрі қолжетімді. Қосымшада QR-код арқылы талон алу жүйесі де белсенді қолданылады. Бұл қызмет азаматтарға қызмет көрсету орталықтарына бару уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Жүйе іске қосылғалы бері 3 миллионнан астам электронды талон берілген. Бұл орталықтардың жұмыс тиімділігін арттырып, келушілердің уақытын үнемдеуге көмектесті.