Ескендір Дәуітіов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде буллинг пен кибербуллинг тақырыбында студенттермен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері, мектеп психологтары, тәжірибелі психолог мамандары және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия өкілдері қатысты. Олар буллингтің туындау себептері, көрініс табу түрлері мен оның зардаптары жайлы, сонымен қатар көмек алу үшін кімге және қайда жүгінуге болатынын түсіндірді.

Кездесудің басты мақсаты — студенттердің буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттыру және оларды психологиялық және онлайн-қысымға қарсы тұруға үйрету. Колледжде жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіледі: тақырыптық тренингтер, жеке кеңес беру және әңгімелер ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар барысында жастар жанжал жағдайларын дұрыс шешуді және өзара құрмет танытуды үйренеді.

СНХР: САНДУҒАШ ИСБУЛАТОВА, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГЫ


Колледжде студенттер буллинг жағдайларына ұшырамайды, өйткені олар кез келген қиын сәтте педагогтар мен психологтарға жүгінуге болатынын жақсы біледі. Мамандар әрбір студентті тыңдап, қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Осындай өзара сенім мен түсіністікке негізделген қарым-қатынас — қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастырудың басты кепілі.

СНХР: ПОЛИНА КУКОЛЕВА, СТУДЕНТ


Мұндай кездесулер жастарға мәселелер туралы ашық айту мен айналадағыларға бейжай қарамаудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.