«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жаңа астықтың тасымалын тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша жалпы тасымал көлемі 2,9 миллион тоннаға жеткен. Оның 674 мың тоннасы ел ішінде, ал 2,2 миллион тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар екенін көрсетеді.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» желісінде 13,7 мың астық тиегіш вагон бар. Бұл парк ішкі және экспорттық сұранысты толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

СНХР: САПАР ЖАЗЫБАЕВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС ФИЛИАЛЫ – «АҚМОЛА ЖҮК ТАСЫМАЛЫ БӨЛІМШЕСІ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Астықтың негізгі бөлігі Өзбекстан бағытына жөнелтіледі. Тек Сарыағаш шекаралық өткелі арқылы 1,4 миллион тонна астық экспортталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп. Қыркүйек айында 1 миллион 347 мың тонна, қазан айында 1 миллион 539 мың тонна астық тиелген. Маусымдық тасымалдың артуы Сарыағаш бағытында біраз қиындықтар туғызды. Себебі Өзбекстан тарапы пойыздарды дер кезінде қабылдай алмай отыр. Осы жағдайды реттеу үшін қазір Ташкентте «ҚТЖ» делегациясы жұмыс жүргізіп, астық қабылдау және түсіру кестесін нақтылауда.

СНХР: САПАР ЖАЗЫБАЕВ «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС ФИЛИАЛЫ – «АҚМОЛА ЖҮК ТАСЫМАЛЫ БӨЛІМШЕСІ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Компания өкілінің айтуынша, ел ішінде астық тасымалына ешқандай шектеу жоқ. Соңғы екі айда ішкі бағыттар бойынша көрсеткіш 52 пайызға артқан. Ал қарашаның алғашқы онкүндігінде бұл өсім өткен жылмен салыстырғанда тағы 20 пайызды құрады.