Еліміздің бас қаласы Астанада «Солтүстік Қазақстан облысы - Қытай» атты бірінші инвестициялық бизнес-форумы өтті. Маңызды іс-шара Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінде ұйымдастырылды. Мұнда көрмеде өңірдің 30-ға тарта компаниясы өз өнімдерін ұсынды. Алқалы жиында екі жақтың 100-ден астам бизнес өкілі жиналып, жаңа іскерлік байланыстар орнату төңірегінде ойларын ортаға салды.
Астанада орналасқан Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінде «Солтүстік Қазақстан облысы - Қытай» атты бірінші инвестициялық бизнес-форумы өтті. Алқалы жиын өткен мен бүгінгіні сабақтастырды. Мұнда қатысушыларға аққайыңдар өлкесінің тарихынан сыр шертетін бұрыш ұсынылған. Ал мына жерде өңірдегі өңдеуші кәсіпорындардың өнімдері тұр. Бас қаладағы маңызды басқосуға аймақтағы 30-ға тарта компания тауарын жеткізіпті.
СНХ: ДАРХАН ӘМРИН, СҚО кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық басқармасының басшысы
Шығыстағы көршіміз - сенімді серіктесіміз! Жыл артқан сайын Солтүстік Қазақстан облысы мен қуатты Қытай арасындағы тауар айналымы ұлғаюда. Сандарға тоқталсақ, ағымдағы жылдың алғашқы сегіз айында арадағы алыс-беріс көлемі 105 млн АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Көрсеткішті одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік бар. Ол үшін тараптар бір-біріне тиімді ұсыныс білдіріп, жағдай жасауы қажет.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Тағы бір кәсіп бастап, кеңеюге жол ашатын субаймақ Ғабит Мүсірепов ауданында орналасқан. Ниет танытқан инвесторларға құшақ ашық. Қытайлық тарапты Солтүстік Қазақстан облысы қызықтырады. Теріскейде ауыл шаруашылығымен мықтап айналысуға зор мүмкіндік бар. Қомақты қаржы мен заманауи жабдықтар, цифрлық технология бірге келсе, алға нық қадам жасауға болады.
СНХ: ХАНЬ ЧУНЬЛИНЬ, ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Жалпы, алқалы шарада екі жақтың 100-ден астам бизнес өкілі жиналып, жаңа іскерлік байланыстар орнату төңірегінде ой өрбітті. Сонымен қатар, жергілікті және қытайлық кәсіпкерлер арасындағы B2B кездесулер ұйымдастырылды