Полиция қызметкерлері петропавлдық оқушыларға Ақтөбе заң институтында білім алудың артықшылықтары туралы айтып берді. Кездесу ведомство ғимаратында өтті.
Полиция департаментінде Петропавлдағы мектептердің 100-ге жуық жоғары сынып оқушысы Малғаждар Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының өкілдерімен кездесті. Жоғары оқу орнының офицерлері жастарға оқуға түсу тәртібі, оқудың және полицияда қызмет етудің артықшылықтары туралы айтып берді.
- Елімізде Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларындағы үш академиясы бар және Ақтөбе қаласында біздің заң институты орналасқан.
Ақтөбе институты әкімшілік блоктың полиция қызметкерлерін дайындайды. Атап айтқанда әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі. Оның түлектері учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналдық полицейлер және басқа да қызметтерде жұмыс істей алады. Күнделікті қызмет барысында халықпен тығыз қарым-қатынас жасауда құқықтық, физикалық және психологиялық дайындықты қажет етеді. Бұның барлығын жоғары оқу орны үйретеді. Түлектерге кепілді қызметке орналасу қарастырылған, оқу кезеңі мерзімді әскери қызметке теңестіріледі және еңбек өтіліне кіреді. Курсанттар шәкіртақы алады.
- Таңғы алтыда оянып, кереуеттеріңізді жинайсыздар, жуынған соң жаттығу жасайсыздар, жүгіресіздер. Сосын таңғы асқа барасыздар. Таңғы астан кейін плацта саптық дайындық өтеді, кейін сабақтарыңызға кетесіздер. Сабақ сағат екіге дейін, түстен кейін сағат төртке дейін өзін-өзі дайындауға уақыт беріледі.
Полицейлер үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтып, оқуға түсу үшін ақпан-мамыр айлары аралығында тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуге болатынын еске салды. Кездесуден кейін оқушылар облыстық полиция департаментінің ведомстволық музейіне барып, қызықты экскурсия барысында облыстың ішкі істер органдарының тарихымен танысты.