Облыстық полиция басшылығы Қызылжар және Мамлют аудандарының оқушыларымен кездесті. Балаларға сондай-ақ жылдам әрекет ететін арнайы жасақ жауынгерлерінің көрнекі қойылымы мен концерті тосын сый болды.
облыстық полиция департаменті жоғары сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырып жатыр. Мақсат – кәсіби бағдар беру. Департамент бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова тәртіп сақшылары қатарында қызмет етудің артықшылықтары: кәсіптің жоғары сұранысқа ие болуы, кепілдендірілген әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамды қылмыстан қорғау бойынша борышын адал атқаратын қызметкерлерге қосымша ақылар туралы айтып берді.
-На сегодняшний день возраст пенсионный для женщин 58 лет. Для мужчин — 63. Являясь сотрудником полиции, вы имеете право уйти на пенсию в 48, 50, 55 лет. Есть у нас ещё отдельные территориальные подразделения, где стаж работы идёт год за полтора. Там возможность есть уйти на пенсию ещё раньше.
Жедел уәкілдер мен тергеушілер, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - бұл жерде Отанға пайда әкелгісі келетін білімді және мақсатты адамдар үшін әрқашан бос орын бар.
-Кто обучается в наших ведомственных вузах, обучается за счёт государства, в последующем гарантировано обязательное трудоустройство. Мы для них уже готовим место, у нас есть вакансии, мы на вакантные места их назначаем.
Екі ауданда да Сәуле Андағұлова бірқатар қызметкерлерді, сондай-ақ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлерінің аналарын алғыс хаттармен марапаттады. Кездесудің көркін қоян-қолтық ұрыс дағдыларын көрсеткен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері көрсеткен өнері қыздыра түсті. Бұл ең жоғары ақы төленетін бөлімшелердің бірі, сондықтан да оның қызметкерлері адамдарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін әрқашан өз өмірлерін тәуекелге салуға дайын. Аудан әкімдіктерінің өкілдері полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
-Хочу, Сауле Тыныштыковна, вас и вашу команду, искренне поблагодарить за такую организацию мероприятий, хороший концерт поставили, посмотрели ваших ребят, СОБРов… Всем понравилось? — аплодисменты.
Полициядағы қызмет өзін-өзі дамыту үшін мүмкіндіктерге жол ашады. Бұған сахнада өнер көрсеткен облыстық полиция департаменті Мәдениет орталығының вокалдық тобы дәлел. Аудандардан келген жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесу патриоттық әндерді орындаумен аяқталды.