Аққайың ауданындағы Полтовка елді-мекені осындағы серіктестіктің көрсетіп жатқан көмегі зор. Бүгінде түтіні түзу ұшқан ауылдың адамдары бізде «ешқандай проблема жоқ», жоқ дейді. Тұрғындары пай үлестерін уақытылы алып отыр.
Сәуле Мұхамадиева Полтавка ауылында 50 жылға жуық тұрады. Елді мекеннің барлық даму кезеңі әйелдің көз алдында өтті. Ауыл тұрғыны 1997 жылы жерлерінің үлесін жергілікті серіктестікке берген. Оған әлі күнге дейін бір рет те өкінбепті.
СӘУЛЕ МҰХАМАДИЕВА, ПОЛТАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- «Бізде пай бойынша проблема жоқ және ешқашан болған емес. 1997 жылы ЖШС құрылды, еңбекшілердің үлкен жиналысы болды және барлығы өз үлесін Елтай Зикиринге беруге шешім қабылдады. Шаруа қожалықтарына бөлінбей, 1 адам басқарсын дедік. Содан бері бізде сумен де, пайлармен де мәселе жоқ. Биыл біз әр пайға бір тоннадан астам астық алдық. Бұл 100 мың 800 теңге. Мен 6 пайға, 5 балам мен өз пайыма 600 мың теңгеден астам қаражат алдым. Бұған дейін орақ алдында жемазық берілді».
Тұрғындардың айтуынша, «Полтавское» серіктестігінің қолдауының арқасында елді мекен күн сайын дамып келеді. Соңғы 3 жылда шаруашылық округтің әлеуметтік дамуына 800 миллион теңгеден астам қаржы бөлген.
ОЛЬГА СЕМЕНЮК, ПОЛТАВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
- «Біздің ең басты меценатымыз – «Полтавское» ЖШС-нің директоры Елтай Зикирин. Кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 200 миллион теңгеден астам сомаға көше жөнге келтірілді. 2020 жылы ЖШС демеушілік қаражаты есебінен заманауи фельдшерлік медициналық пункт ғимараты салынды. Барлық мәдени-бұқаралық іс-шара серіктестік қаражаты есебінен өткізіледі. Елтай Зикрин мектеп пен мәдениет үйін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындап, соның арқасында биыл 112 миллион теңгеге Полтавка орта мектебі жаңғырды. Сондай-ақ бізде ЖШС-ге тиесілі қоғамдық монша жұмыс істейді және барлық тұрғындар онда тегін жуынады. Ал пайға келетін болсақ, ол уақтылы ақшалай және астық түрінде беріледі».
«Полтавское» серіктестігінде 120-дан астам адам еңбек етеді. Егін науқанында қызметкерлердің саны 150-ге дейін көбейеді екен. Компания директорының орынбасары Ерлан Зікіриннің айтуынша, оларда 1300-ге жуық пай алушы бар.
ЕРЛАН ЗІКІРИН, «ПОЛТАВСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- «Биыл бізде 1 пайға 100 мың теңгеден астам беріледі. Бұл - тоннадан астам бидай. Бүгінгі таңда пайшыларға 100 миллион теңгеден астам қаражат төленді. 300 тонна астық берілді. Полтавка тұрғындарын, мал, қосалқы шаруашылық ұстайтын адамдарға біз өз құны бойынша жем-шөп түсіріп береміз. Бүгінгі таңда 700 тоннаға жуық шөп, 300 тоннаға жуық сабан таратылды. Бір тонна шөптің бағасы - 20 мың теңге, бидай сабаны – 4 мың теңге. Өткен жылы бізге тағы 18 отбасы көшіп келді. 17 үй салдық. Біздің жеке бағдарламамыз бар. Егер адам бізде жұмыс істесе, біз оларға үйді 4,5 миллионға сатып, 10 жылға бөліп төлеуге мүмкіндік береміз. Қазіргі таңда үйлердің басым бөлігі сатып алынды».
Серіктестіктің арқасында үй алғандардың бірі-Данияр Мұхамадиев. Полтавкада туып өскен. Оқу бітіріп, дипломын қолға алған соң бірнеше жылдан кейін өз ауылына келіп еңбек етуге шешім қабылдаған.
ДАНИЯР МҰХАМАДИЕВ, ПОЛТАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- «Бұл үйдің құны 13 миллион, бірақ жергілікті тұрғын ретінде және осында жұмыс істегеніміз, ауылымызды дамытуға қатысқанымыз үшін 4,5 миллион теңгеге алдық. Мен дене шынықтыру мұғалімі ретінде балаларды футбол мен жеңіл атлетикадан жаттықтырамын, бізде облыс чемпиондары бар. Ерлан мен Елтай Зікіриндердің арқасында керек-жабдықтың барлығы бар. Олар балаларға қажет форманы әперіп, жарыстарға шығуға демеушілік көмек көрсетеді. Қазір балалар үшін бокс секциясы ашылып, ЖШС есебінен жабдық сатып алынды».
Серіктестік былтыр бүлдіршіндерге арнап балабақша да салған. Шағын орталық 2022 жылы пайдалануға берілді. Қазір мұнда 30-дан астам бала бар. Полтавка орта мектебінің директоры Жұмабике Әшірбекова кәсіпкерлердің білім беру нысандарына белсенді түрде көмектесетіп тұратынын айта кетті.
ЖҰМАБИКЕ ӘШІРБЕКОВА, ПОЛТАВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- «Біздің "Полтавское" ЖШС мектепті бітірген оқушыларға стипендия беруді дәстүрге айналдырған, бірінші сынып оқушыларын қабылдау кезінде, және жылдың соңында үздік оқушыларға да қаражат табысталады. Жуырда мектепке ауыз су кіргізді, жарықпен де еш мәселе жоқ. Мектеп алыстан жарқырап тұрады. Мұның бәрі «Полтавское» ЖШС арқасында. Мен де осы серіктестіктің акционерімін. 1 пай үшін 100 мыңнан астам теңге аламыз. Ал біздің отбасымызда 2 бала бар, жұбайым, мен және әжем, оның үлесі мұра бойынша ұлына берілді. Менің ойымша, ауылда тұру үшін бізде барлық жағдай жасалған».
Жағдай жасалған, сондықтан көшіп кеткендер жоқ, қоныс аударып жатқандар бар. Диана Сапиева бір жыл бұрын Астанадан күйеуімен бірге Полтавкаға қоныс аударған. Қазір олардың тұрақты жұмысы бар.
ДИАНА САПИЕВА, ПОЛТАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- «Күйеуімнің жұмысы бар, ол ЖШС-де жұмыс істейді. Мен де мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етемін. Өздеріңіз көріп отырсыздар, біздің ауыл дамып жатқандардың қатарында. Сондықтан мұнда көшкенімізге еш өкінбейміз. Жалақыны уақытында, тұрақты түрде аламыз. Ауылда барлық көшелер асфальтталған, жарықтандырылған, кешке біз қорықпай көшеге шығамыз, балаларды да жібереміз. Ауылдың мәдениет үйінде түрлі үйірмелер де жұмыс істейді».
Ауыл тұрғындарының да пікірі бір жерден шықты.
ЖАННА ЮСУПОВА, ПОЛТАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- «Мен мұнда 1983 жылдан бері тұрамын, жағдайымыз жақсы. Пайлар астықпен де, ақшалай да беріледі. Ауылда өмір сүруге болады».
ГҮЛЖАН ИЛИШЕВА, ПОЛТАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- «Бізде ешқашан пай мәселесі болған емес. Әрқашан уақытында төленеді. Біздің ауыл дамуда, негізінен бәрі бар, жаңа мектеп, балабақша, жаттығу залы, жолдар асфальтталған. Үйлер салынуда, сутоқтаусыз ағып тұр».
Айта кетейік, Полтавка ауылы Петропавлдан 90 км жерде орналасқан. Мұнда қазір 847 адам тұрады. Ауылдағы ағайынның саны жыл санап артып келеді.