Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесінде «Келіңіз, қосылыңыз» атты акция басталды. Ұжымның 25 мүшесі облыстық қан орталығына келіп, өз еркімен қан тапсырды.


Корпоративтік донорлық – бұл қан құюды қажет ететіндерге көмектесу ғана емес, сонымен қатар компания қызметкерлерін біріктіретін сауапты іс. . Теміржолшылар арасында қайырымдылык акциясына қатысу игі дәстүрге айналған.


 ИРИНА ИБРАГИМОВА, «РЕСЕЙ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ» ААҚ ПЕТРОПАВЛ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ:

- Бізде мұндай іс-шара жылына бірнеше рет өтеді. Жұмысшылар әрдайым келіп, қан тапсырады. Менің ойымша, бұл жақсы іс және адамдарға көмектесу керемет. Сондықтан, барлығыңызды қан беріп, жақсылық жасауға шақырамын.


 Донорлардың қатарында Венера Ерофеева да бар. Ол сирек кездесетін 4-ші қан тобын мұқтаж жандарға екінші рет беріп отыр екен


 ВЕНЕРА ЕРОФЕЕВА, ҚОЙМАШЫ:

- Мен екінші рет донор болып отырмын. Қаным сирек кездесетіндіктен, көмегім адамдарға тисін деп келдім. Адамның өмірін сақтап қалу әрқайсымызға міндет деп санаймын.


Донор – бұл өз қаны арқылы науқасқа денсаулық, ал өлім ауызында жатқан адамға өмір беретін адам. Жалпы, ереже бойынша 18 жастан асқан адам донор бола алады. Сондай-ақ, салмағы кем дегенде 55 келі болуы керек.


 ЕВГЕНИЯ ЗАХАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.:

- Бүгін қан орталығына «Ресей темір жолдары» акционерлік қоғамының Петропавл бөлімшесінің донорлары келді, қаламыздағы басқа да ұйымдар біздің орталыққа тұрақты түрде келіп тұрады. Олардың арасында «Қазақтелеком», әйелдер колониясының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, 3 қалалық ауруханасының қызметкерлері бар. Биыл 10-ға жуық ұйыммен жұмыс істедік. Сондай-ақ, қазан айынан бастап өздеріміз ұйымдарға баруды қолға алдық.


 Адамда шамамен 4 литр қан болады. Мерзімді түрде 12% беру денсаулыққа теріс әсер етпейтіні дәлелденген. Донор болғысы келетін жандарды міндетті түрде терапевт маман тексереді. Сондай-ақ, қан тапсырмастан бұрын ағзаны демалдырып, тынығып алған абзал.