1 шілдеден бастап 7 және одан да көп баланы дүниеге әкелген және өсірген аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін өсті. Ол «Наградталған ана» мәртебесін алған «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана» атағын алған және I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге беріледі. Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылған.
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әлеуметтік Кодексі күшіне енді. Кодекске сәйкес наградталған аналар деген жаңа ұғым енгізілді. Қоғамдағы көпбалалы аналардың абыройы мен беделі артып, наградталған аналарға республикалық бюджеттен жәрдемақы төленеді.
Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін өседі. Нәтижесінде наградталған аналарға республикалық бюджет қаражатынан ай сайын 25530 тг көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ал «Күміс алқа» алқасымен марапатталған аналарға тағайындалған жәрдемақы мөлшері – 22080 тг. Бұл жәрдемақы көп балалы ананың табысына қарамастан өмір бойы беріледі, яғни зейнетке шыққаннан кейін де тоқтамайды. Егер олар құжаттарын жоғалтқан жағдайда, марапатталғандар өз мәртебелерін сақтайды. Бүгінгі таңда аталған жәрдемақыны өңір бойынша 3400-ден астам ана ала алады.
Гүлбақыт Манабаева, Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің СҚО департаменті басшысының орынбасары:
Сонымен қатар республикалық бюджеттен бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы жанұялар мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар. Егер бала 18 жастан асса бірақ, оқу орнында күндізгі бөлімде оқыса, бұл жанұяға 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді. Осы 2020 жылдан бастап көпбалалы жанұяларға төленетін жәрдемақы баланың санына байланысты сараланып төленеді. Егер жанұяда 4 бала болса, бүгінгі күні 553040 тг алады, 6 бала болса, 69138 тг алады.
Көпбалалы отбасылардың беделін арттыру, оларды қолдау мақсатында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі қарастырылған. Соның нәтижесінде, көп балалы отбасыларға республикалық бюджеттен жәрдемақы берілсе, жұмыс істейтін әйелдер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған.
Сондай-ақ
«Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Онымен қоса, наградталған аналар жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылады. Сондай-ақ Алтын алқа Күміс алқа алқасымен марапатталған аналар жеке куәліктерін жоғалтып алған жағдайда, мемлекеттік баж салығынан дабосатылады.
Дания Кенжаева, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ:
6 балаға 83000 көлемінде беріледі, «Алтын алақаға» бөлек 26000 көлемінде беріледі. Адресті әлеуметтік көмекті мен жергілікті атқарушы органдардан алдым. Оның да көмегі өте көп. Мектепте тегін тамақ берілді, кеңсе тауарлары тегін.
Сонымен қатар әлеуметтік кодекстың 207 бабына сәйкес 5 және одан да көп баланы дүниеге әкелген және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады. Айта кетейік, Осы жылы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төлеу кезеңі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылады.