Күннің суытып, су бетін мұз басуы балықшыларға тоқтау сала алмайды. Қызығы мол істің шыжығы да бар. Қауіпсіздік ережесін ұстамаған жағдайда оқыс жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Осыған орай, өңірде төтенше жағдайлар департаменті белсенді түрде жұмыс істеп, балықшылардың есіне қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салып жатыр.


 67 жастағы Александр Жильцов балалық шақтан балық аулаумен айналысады. Қолыңа қармақты 7 жасында алған. Балықшы қауіпсіздік ережесін әрдайым қатаң сақтайды екен.


АЛЕКСАНДР ЖИЛЬЦОВ, БАЛЫҚШЫ:

 - Балық аулауға өзіммен бірге түрлі қорғаныш заттарын алып шығамын. Арқанды да ұмытпаймын. Жалпы, күтпеген жағдай болса тез арада дұрыс әрекет еткен жөн. Ал, егер қолыңнан келмейтінін сезсең дереу көмекке шақыру қажет. Өзім 60 жыл бойы осы іспен айналысамын. Ешқашан қалыңдығы 150 сантиметрден аспайтын мұзға шыққан емеспін.


Балыққа қармақ салмастан бұрын ең алдымен, мұздың қалыңдығын тексеру қажет. Қалыңдығы кемінде 12-15 сантиметр болуы шарт. Сондай-ақ, арнайы қорғаныш киімдерін киіп, жеке қорғану құралдарын алу керек.


 РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

 - Күзгі-қысқы су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша жыл басынан бері 70-тен астам үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Үгіт наисхат кезінде 2000-нан астам материа таратылды. Мектептерде ата-ана және балалармен жұмыстар жүргізіліп, ескертіліп жатыр.


Айта кетейік, республика бойынша қыркүйек айынан бері су айдындарында 10 адам қаза тапқан.