Оқушылар сарайында өткен хакатон сайысының жеңімпаздары марапатталды. Білім додасы 2 санат бойынша ұйымдастырылып, оған 15 пен 18 және 18 бен 22 жас аралығындағы ойы озық, білімі жүйрік жас буындар қатысты. Жарыс қортындысы бойынша 1-ші орынға ие болған команда 300 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.


 Осыдан екі күн бұрын Оқушылар сарайында хакатон сайысы басталды. Оған 90 білімпаз, яғни 45 команда қатысты. Аталмыш іс-шара 2 санат бойынша өткізілді. 18-22 жас аралығындағы командалар арасында 1-ші орынды М. Жұмабаев атындағы педагогикалық коллеждің 4-ші курс студенттері «IX WEB» командасы жеңіп алды. Ал, 15 пен 18 жас аралығында Назарбаев Зиякерлік мектебінің 10-сынып оқушылары «There is something we can do» командасы жеңімпаз атанды.


НҰРБАТЫР ТӨЛЕГЕН, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

-  Хакатон сайысы өте қызықты өтті. 2 әртүрлі тапсырма болды. Бұрын өткен хакатондарда бұлай болмаған. Сондықтан. Осы сайыс өте қызықты. 1-ші кейсте телеграм бот жасау қажет болды.

Ал¸екінші біздің қалада өтетін әртүрлі іс-шараларды тауып сол сайтқа қосу керек болды. 01:18 Біз қойған мақсаттарымызға жеттік деп ойлаймын.


 Ал, 2-ші және 3-ші орынға ие болған командалар мақтау қағазымен марапатталды. Цифрландыру – бәсекеге қабілеттілік кілті. Осы мақсатта, елімізде 2017 жылдың соңында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы іске қосылған. Оның басты мақсаты- қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту.


 АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ, ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІНҢ БАСШЫСЫ:

- Қазір цифрландыру барынша енгізіліп жатыр. Денсаулық сақтау саласы автоматтандырылды. Сондай-ақ, сандық қызметтерді әртүрлі қосымшалар арқылы алуға болады. Денсаулық сақтау ұйымдары ақпараттық жүйелерді пайдалану үстінде.


Оқушылар сарайында да осы бағыт аясында көптеген жұмысатқарылған. Балаларға арналған үйірмелер ашылған. Жас ізденімпаздар үшін өз идеяларын асыруға мүмкіндік көп. Бүгін олардың жұмысы көрмеге қойылды. Солардың бірі – « Викинг дроны». Жасөспірімдер осы жұмыстарымен бірнеше сайысқа қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.


ДАМИР МҰСТАФИН, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- АНДРОН- тікұшақ секілді құрылғы. Оқушылар мен студенттердің көмегімен құрастырылды. Олар алдымен, жоба жасап, бөлшектерін жинап, құрастырып шығады. Сосын, тестілеуді бастайды. Бұл- дроның камерасы бар.


Бұл іс-шара Оқушылар сарайының 5 жылдығына және Цифрландыру күніне арнап ұйымдастырылған.