С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебаб-ғылыми кітапханасында кітапханашылар күніне арналған «Үздік кітапханашы-2024» облыстық байқауы өткізілді. Бұл конкурсқа облыстың барлық аудандарынан келген 14 кітапханашы қатысқан. Жалпы байқаудың мақсаты кітапханалардың жұмысына қызықты тәжірбиелерді енгізіп, инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту.


«Үздік кітапханашы-2024» облыстық байқауы үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушыларды іріктеу өтті. Ал екінші кезеңде құжаттарын жіберсе, бүгін үшінші кезеңде жобаларын қорғап, марапатталды. Жеңімпаздар «үздік кітапханашы-2024», «үздік әлеуметтік жоба-2024», «үздік инновациялық жоба-2024» номинацияларында, дипломдармен және бағалы сыйлықтарға ие болды. Кәсіби мереке күнінде кітапханашылар әріптестеріне өз жылы лебіздерін білдірді.


КҮЛӘШ ЕГІНБАЕВА, УАЛИХАНОВ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Барша кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Өзім зейнеткер болсамда әлі еңбек етіп келемін. Елімізде жастар, өсклең ұрпақ бар. Кітапхана деген кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір. Жастарға білім беру осы кітапханадан басталады. Сондықтан кітапханашылар екінші педагог десемде артық айтпаймын.