Петропавлда Республика күніне орай дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. М.Жұмабаев көшесі бойында өткен іс-шараға облыстың аудандары және Петропавл қаласының барлық тауар өндірушілері қатысты. Сатылымға шығарылған өнімдер нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан бағада саудаланды.


Қала тұрғындары мен қонақтары үшін өңіріміздің 100-ге жуық кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды. Жыл сайын өтетін облыстық жәрмеңкені облыс әкімі де аралады.


Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15-20% арзан. Жалпы саудаға 1000 тоннадан аса тауар шығарылды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы барша солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтады.


ДӘУРЕН ТОҚҚОЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі жәрмеңкеде тұрғындар қолжетімді бағада жоғары сападағы түрлі азық-түлік өнімдерін ала алады. Сауда алаңында ет, көкөністер, балық пен сүт өнімдері сатылуда.


Облысымыздың барлық ауданынан келген тауар өндірушілер қызу сауда жүргізіп жатыр. Қылжарбай Баймолжин Жамбыл ауданынан ет сатуға келген екен.


ҚЫЛЖАРБАЙ БАЙМОЛЖИН, САТУШЫ:

- Бағалары жақсы. Қара малдыкы 2200, қойдыкы 2000. Тұрғындар алып жатыр. Қара мал 4 бас, қой 10 бас. Барлығы жас ет.

Жәрмеңкеге келген қала тұрғындарының қарасы қалың. Табиғи өнімді тиімді бағаға сатып алғандарына қуанышты.


Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне келген тұрғындар азық-түлік таңдап қана қоймай, әсем ән де тыңдады. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарларлама ұсынылды.