«Әл-Фараби» мектеп-лицейінде «біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «еңбек ет те мақтан» атты тазалық акциясы бастау алды. Бұл акция оқушылар өз мектептері мен сыныптарын тазалық та ұстап, еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған.


1-ші тоқсан аяқталды. Оқушыларда демалыс басталды. Бүгін «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі оқушылары «еңбек ет те мақтан» тазалық акциясына қатысты.


ӘМИНӘ БАЙБУРИНА, «ӘЛ-ФАРАБИ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Ата аналардың ұсынысымен еңбекке баулу еңбекке тәрбиелеу туралы әңгіме көтеріліп, Осы мектептің ішінде сенбілік өткізіп, балаларды еңбекке тәрбиелеу деген ұсыныс түсті. Оны бізде қолдаймыз. Мектептеде еңбекке баулу сабақтары өтеді. Сол жерде де балаларды үйретіп, тәрбиелейді. Тоқсанның соңғы күні сынып сағатын өткізіп, кетер кезде кабинеттері таза болғандай жуып, жинап, гүлдерге су құйып, бүгін акция жасап өткізіп көрсетіп жатыр. Міне «біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «еңбек етте мақтан» деген акция бастап жатырмыз.


Тазалық акциясына қатысып жатқан оқушылардың бірі Айзере Тұрғымбекова. Ол 4 сыныпта оқиды.


АЙЗЕРЕ ТҰРҒЫМБЕКОВА, «ӘЛ-ФАРАБИ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Бүгін бізде таза бейсенбі. Еңбек ет те мақтан. Біз сыныбымызда тазарту жұмыстарын жүргіземіз. Негізі бүгін ғана емес әрдайым сыныбымызды тазалықта ұстаймыз. Аналарымызға көмектесеміз. Гүлдерге су құйып, парталарды сүртеміз.


Айта кетейік бүгінде «Әл-фараби» мектеп-лицейінде барлығы 450-ге жуық оқушы білім алып жатыр. Ал мектеп ұжымындағы 43 мұғалім балаларды білім нәрімен сусындатуда.