Облыс әкімінің орынбасары болып Қанат Дүзелбаев тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы туған, бұрынғы Торғай облысының тумасы. Алматының экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Ұлттық банк орталығында экономист болып бастады. Банк жүйесінде, қазынашылық, экономика және бюджетті жоспарлау саласында тәжірибесі бар. Облыс әкімінің жаңа орынбасары стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджетті дамыту және бюджетаралық қатынастар; салық саясаты; коммуналдық меншік және жекешелендіру; мемлекеттік сатып алу; көші-қон, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары бойынша жетекшілік ететін болады.