«Дельфин» спорт мектебіндегі үлкен жүзу залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша кешен қазан айының соңында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда, нысанда жұмыс мерзімінен кешігіп жатыр. Кешен директорының айтуынша, олимпиадалық талаптарға жауап беретін бассейнге 10 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген.
Үлкен жүзу залында жөндеу жұмыстары шілде айында басталған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 55 млн теңге қаржы бөлінген. Керамикалық плиткалар жаңадан төселіп, терезеге орнатылған витраждар ауыстырылды. Сонымен қатар бассейнде демонтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешен директорының сөзіне қарағанда, егер жөндеу жұмыстары уақытылы бітпесе, мердігерге 0.1 пайыз көлемінде айыппұл салынады. Ал жоспар бойынша нысан қараша айының ортасына таман пайдалануға берілмек.
БАҚЫТ АРЫҚБАЕВ, «ДЕЛЬФИН» СУ СПОРТЫ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Қазіргі таңда біздің оқушылар СҚО-ның Университетінде жаттығу процесін өткізуде. Ал жаңадан келген балалар кішкентай бассейнде жаттығып жатыр. Шамамен 100-ден астам бала.
Толғанай Бейсенбаева