Облыстық полиция департаментінде белгілі қоғам қайраткері, жазушы және публицист Жан Ақжановпен кездесу өтті. Елордалық қонақ өңір полицейлеріне құмар ойындарға немесе лудоманияға бейімділік жайында айтып, онымен байланысты қазіргі қоғамның проблемалары туралы хабардар етті.
Кездесуді облыстық ПД бастығының орынбасары Сәуле Андагулова ашып, Мемлекет басшысының Жолдауында лудомания мәселесі көтерілгенін еске салды. "Лудоманиямен күресте тәрбие және түсіндіру шараларына ерекше назар аудару керек", - деп атап өтті Ел Президенті. Жеке құрамның Жан Ақжановпен өткен кездесуІ лудомания мәселесін кеңінен түсіндіруге арналды.
Жан Ақжанов, қоғам қайраткері, жазушы:
- Сіз дұрыс айттыңыз: президент 4 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ басшылары және басқа да қызметтердің басшылары қатысқан Қауіпсіздік Кеңесі өткізілген болатын.Мұнда маңызды да, өте үлкен тақырыпты көтерді. Басты мақсат - профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бүгін басшылармен кездессек, ал болашақта біз жеке құраммен де жұмыс істейтін боламыз.
Жан Мухарапұлы қазіргі адамдардың құмар ойындарға тәуелділігіне қатысты негізгі тезистерді қол жетімді түрде түсіндіріп, айтып берді. Лудоманияның нашақорлық, маскүнемдік және темекі шегуден айырмашылығы - ол химиялық тәуелділік емес. Бірақ лудомания да қауіпті. Тәуелділіктің бұл түрін емдеу өте ауыр, бірақ мүмкін. Жан Ақжановтың айтуынша, құмар ойындарға тәуелділікті басқа хоббидің көмегімен ығыстыруға болады.
Жан Ақжанов, қоғам қайраткері, жазушы:
- Бұл да қоғамдық мәселе. Бізге профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сіздер неғұрлым бұл мәселе туралы көп айтсаңыздар - біздің қоғам үшін соғұрлым жақсы.
Полицейлер "лудомания" терминінің шығуы, жақындары мен қарамағындағылар арасында бұл кемшілікті қалай анықтауға болады және лудоманияны қалай емдеу керек деген түрлі сұрақты қойды. Жан Ақжанов тұшымды жауап берді. Мұндай кездесулер басқа да бірқатар өңірлік полиция департаменттерінде өткен болатын.