Облыс полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп 15 тоннадан астам заңсыз өндірілген Artemia salina шаянын тәркіледі. Оқиға Мамлют ауданында болған. Өңір тұрғындарынан құралған топ рұқсат беретін құжаттарсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған. Жазда тіркелген кәсіпорын аумағынан және күдіктілердің бірінің жеке ауласынан барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тоннадан астамы қайта өңделген шаян тәркіленді. Ұстауға "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты. Сондай — ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтық қаруына арналған 6 патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар "ПМ" тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.
Бейбіт Әлмұхамбетов, СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы: