Облыс орталығында «Жолда қабылдау» акциясы басталды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары адамдарды онлайн түрде қабылдайды. Акция барысында әр шағым ескеріліп, әр сауалға жауап беріледі.


Тікелей эфирде бірінші болып облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов сөз сөйледі. Оған шетелдік есепте автокөліктерді заңдастыру туралы көптеген сұрақтар түсті. Пайдаланушылардың сауалдарына жауап бере отырып, полиция подполковнигі мотоциклдер мен тіркемелерді рәсімдеу жалпы негізде жүзеге асатынын, ал уақытша тіркеудегі көлікті Ресей Федерациясына қайтарып, сатуға болатынын түсіндірді. Пайдаланушылардың бірі уақытша нөмірлері бар автокөлікке қазақстандық сот шектеулер қойса, не істеу керектігін сұрады. Серік Әлжанов жағдайды қарастыру үшін автокөлік иесін жеке қабылдауына шақырды.


СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- ІІМ тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 14-15 шілде күндері республикада «Жолда қабылдау» жыл сайынғы кең ауқымды акциясы басталды. Оның барысында біздің облыстың аудандарында және Петропавл қаласында азаматтардың сұрақтарына онлайн - режимде әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметінің басшылары жауап береді.


 Келесі эфирде жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі басқармаларының басшылары сөз сөйледі. Полиция полковнигі Айдын Байматов отбасылық өмір саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы айтып берді. Жанжалдар үшін жауапкершілікті күшейту, қазір тұрмыстық зорлық — зомбылық жағдайлары жәбірленушілердің мәлімдемесінсіз - анықтау фактісі бойынша тіркелетінін тілге тиек етті. Полиция полковнигі Талғат Әбілов жазғы уақытта шетелдіктердің келуі туралы көптеген сұрақтар келіп түсетінін айтты.


ТАЛҒАТ ӘБІЛОВ, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Егер шетелдік азамат ҚР аумағына келіп, 90 күн болса, келесі 90 күн, шыққан кезде ол қайтадан кіре алмайды. Ол ҚР-на келесі 90 күннен кейін ғана кіре алады. Кәмелетке толмаған балалардың болу ережелеріне келетін болсақ — 16 жасқа дейінгі балалар тіркеуден босатылады


 Облыс бойынша жарты күн ішінде полицейлер 120-ға жуық сұраққа жауап берді. «Жолда қабылдау» республикалық акциясы халыққа құқықтық көмек көрсету, адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту үшін жүріп жатыр.