Биыл Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылының құрылғанына 95 жыл. Осыған орай ауыл халқы бірігіп, ұлан асыр той жасады. Елді мекен шетінде киіз үйлер тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама да ұйымдастырылып, ұлттық ойындар сайысы өтті. Той думанға барып келген әріптесім Жансая Қайыпова сабақтасын.
Бұл ауылдың Айымжан деп аталуы бекер емес. Аңыз бойынша, Айымжан ақылына көркі сай сұлу қыз, бүкіл ауылдың сүйіктісі болған. Атақты әнші-композитор Біржан сал Қожағұловтың үлкен ағасы Нұржан мен Айымжан сұлу бір-біріне ғашық болған. Бірақ, шаңырақ құруына Нұржанның әкесі Қожағұл қарсы болды. Осылайша бір күні ауылдың қарақшылары түнде Айымжанды ұрлап әкетеді. Бірақ, Айымжан сұлу олардан қашып, көлдің қалың қамысына тығылады. Ұрлаушылар түні бойы іздеп, оны таба алмайды. Бір аптадан кейін ғана мүк жинап жүрген адамдар оның өлі денесін қалың қамыстың арасынан тауып алған. Кейін бұл жер үлкен көлге айналды. Халық оны Айымжан сұлу есімімен атап кеткен екен. Осындай тарихы бар, жылдан-жылға гүлденіп әрі дамып келе жатқан елді мекеннің 95 жылдығымен аудан әкімі Медет Оспанов құттықтады.
МЕДЕТ ОСПАНОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Бір ғасырға жуық тарихы бар бұл ауылда қазір 230 адам тұрады. Құдайберген Омаров – елді-мекенде бұрыннан тұрып келеді. Жасы 70-тен асқан ақсақал ауылдың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады.
ҚҰДАЙБЕРГЕН ОМАРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Ауылдың 95 жылдығына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Бұл күні қазақы салт-дәстүр бойынша ақ шаңқаң киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді. Сондай-ақ, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Бұл күні ауылда ұлттық ойындардан да жарыс ұйымдастырылды. Тепсе темір үзетін жігіттер көкпар мен қазақ күресінен өзара мықтыны анықтады. Жеңіс тұғырынан көрінгендер марапатсыз қалмады.
СӘЛІМБАЙ САДУЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Ауылдың 95 жылдығына жан-жақтан жиналған жерлестер бір-бірімен мәре-сәре болып, ауылдарына деген жүрекжарды тілектерін де білдірді.
Айымжан ауылында тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, бұл елді-мекен болашағы зор ауылдар тізіміне де енген. Соның аясында ендігі жылы медициналық пункт те салынбақ екен.