Мемлекеттік бажды қайтаруды жүргізу үшін өтініш электрондық немесе қағаз түрінде беріледі. Электрондық нұсқаны электрондық кілт – электрондық цифрлық қолтаңба, салық төлеушінің кабинеті, "электрондық үкімет", "Е-salyq azamat" немесе "Е-Salyq business" қосымшалары арқылы жіберуге де болады.
Өтініштен басқа , уәкілетті органнан мемлекеттік баждың бұл сомасы талап етілмегені, яғни мемлекеттік орган пайдаланбағаны туралы анықтаманы да ұсынуы тиіс. Ал егер бұл соттың шешімі бойынша қайтарылуға жататын мемлекеттік баж болса , онда сот шешімінің көшірмесін де беруі керек.
ЖҰЛДЫЗ ӘБИЕВА, СҚО МКД МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
- «Салықтық өтініште банктік шот нөмірін дұрыс көрсету керек екеніне назар аударамыз. Салықтық өтінішті мемлекеттік кірістер органына ұсынылады. Мемлекеттік бажды қайтару мерзімі 5 жұмыс күні, талап қою мерзімі 3 жылды құрайды.»