Петропавл тұрғындары Ресей Федерациясынан келген тоталитарлық секта мүшелерінің құрбаны болды. Жас қыздар жеке тұлғалық өсу курстарына жазылған. Алайда, білімін дамытудың орнына бойжеткендер ақшаларынан айырылып қалған. Қазіргі уақытта «Шамбала Ашрам» сектасының құрығына ілінгендер саны 30 мыңға жуық. Ал құқық қорғау органдары болса, БҰЛ СЕКТАНЫ экстримистік және террористік ұйыммен теңестіріп отыр. Өкінішіке ҚАрай, бұл ұйымның қызметін толық тоқтату әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.
Секта құрбаны болған бүгінгі сюжет кейіпкерлерінің есімі олардың өтініші бойынша өзгертіліп отыр. Анастасия мен Елизавета жаңа білім алу үшін өзін-өзі дамыту мақсатында арнайы курсқа жазылған. Оларға алғашында түрлі медитациялар ұсынылып, қорғаныс амулеттері мен кітаптар берілген.Секта мүшелерімен байланыс бірнеше жылға созылған. Алайда, жалған курстардың құны күн сайын өсе беріпті. Кейіннен жас қыздар белгілі бір кездесулерден бас тартқаны үшін моральдық қысымға да ұшыраған. Жалған жеке өсу курсының соңы тіпті, туыстарымен байланысты үзулеріне дейін әкелген.
АНАСТАСИЯ:
- Саған сенің күйеуің лайықты емес, сен одан да жақсы ер азаматқа лайықсың деп мені ажырасуға көндірді.Маған анаңды қарттар үйіне, ал балаларыңды жетімдер үйіне тапсыр деп те айтты. Бұл жерде бір шикілік бар екенін түсіндім. Осы сөздерінен кейін мен күдіктене бастадым.
ЕЛИЗАВЕТА:
- Ешақндай физикалық тұрғыда жапа шеккен жоқпыз. Алайда психологиялық қысымға ұшырадық. Кездесулерге келе алмаймын, бармаймын деп айтып, хабарламаларына жауап бермесек, бізге тыныштық бермейтін. Бізді толықтай зерттеп, әлсіз тұстарымызды білім алды. Сондықтан кейде қарсы келе алмайтынмын.
Облыстық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының мамандары РФ екі азаматының діни әрекетінің жолын кескен. Олардың Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның мүшесі екенін анықтаған. ПД мәліметінше, 2022 жылдан бері Петропавл тұрғындарын «жан тазартуы» болады деген сылтаумен өз секталарына кіргізген. Тұрғындарға түрлі мессенджерлердегі байланыс арқылы хабарласқан.
РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Олар 42 жастағы ер адаммен 60 жастағы әйел адам. Жалдамалы пәтерде ұсталды.Бұл ұйым РФ тоталитарлық деп танылып, бүкіл аумағында оның әрекетіне тыйым салынған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттеріне тексеру жүргізілуде.
Тоталитарлық сектаның өкілдері қаңтар айында ұсталған. Ал маусым айында қылмыстық құрам болмағандықтан іс жабылған. Бұл секта мүшелерінің өңірімізге қайта оралып, жаңа құрбандарды табуы әбден мүмкін деген қауіп әлі де бар.
РАУЗА ҚАСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- «Шамбала Ашрам» ТМД елдеріндегі ең қауіпті ұйымдардың бірі болып саналады. Қауіптілігі сол - олар Қазақстанға басқа ат жамылып кіріп, халықты алдап-соғуы мүмкін. Мұндай ұйымдар өз жақтаушыларын жинайды, йогамен айналысамыз деп адамдарды өздеріне шақырады. Әйелдермен сұлулық және тұлғалық өсу туралы семинарлар өткізеді. Адамдар кейде мұның астарында не болуы мүмкін екенін де ойламайды. Бұл сектаға кіру оңай. Бірақ шығу - көптің қолынан келмейді.
Бүгінгі сюжет кейіпкерлері бастан өткерген сұмдықпен бөлісіп, өңір тұрғындарын сақ болуға шақырады. Себебі, секта тәлімгерлері гипноз және басқа да тыйым салынған әдістерді қолданады. Бойжеткендердің айтуынша, оларда күшті психологиялық қысым бар. Осы жағдайдан кейін алаяқтардың құрбаны болған бұл қыздар мамандардың көмегіне мұқтаж болған. Өз-өздеріне келуге көп уақыт керек болыпты.
АНАСТАСИЯ:
- Қыздарға суретке және видеоға түсіруге болмайды деп тыйым салатын түрлі тренингтарға бармаңыздар дегім келеді. Біз бұл курсқа барғанда мекемедегі ашық тұрған терезелердің барлығын қоқыс пакеттерімен жауып тастайтынбыз. Басында мұның барлығына сеніп, алданып қалғанбыз.
Мамандардың сөзінше, мұндай секталар мен алаяқтардың жұмысы қазір тиімді бизнес көзіне айналған. Көбінесе бұл ұйымдардың заңгерлері мықты болып, жазадан сытылып кетеді екен. Ал курстарға барар алдында олардың арнайы сертификаттарын сұрап, нақтылап алған жөн.