Елімізде 23 маусым күні мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай кәсіподақ орталығында салтанатты жиын өтті. Отырыста еңбегіне адал атқарып жүрген, өз саласының үздігі атанған мамандар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


Мемлекеттік қызметшілер күні 10 жыл қатарынан аталып келеді.Өңірде бұл салада 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың жұмысы жауапкершілік пен еңбекті талап етеді. Іс-шара барысында "Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" СҚОФ төрағасы Темірғали Әбілмәжінов мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талаптарға тоқталып өтті.


ТЕМІРҒАЛИ ӘБІЛМӘЖІНОВ, «МЕМЛЕКЕТТІК, БАНК МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ

КӘСІПОДАҒЫ» СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:


 Мемлекеттік қызметші болу ол аянбай еңбек етіп,халық мүддесін қорғау , елінің жерінің дамуына септігін тигізу.Бауыржан Олжабаев мемлекеттік қызмет саласында 6 жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді. Өз саласының үздігі атанған маман бүгін облыс әкімінің алғыс хатымен және «Кәсіподақ қайраткері» төс белгісімен марапатталды.


БАУЫРЖАН ОЛЖАБАЕВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Жиын барысында өз саласында үздік атанған 40-тан астам маманның еңбегі еленді.