23 маусым - полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Өңірдегі қоғамдық тәртіпті күні-түні қорғайтын тәртіп сақшыларының мерекесі 2007 жылдан бері тойланып келеді. Петропавл қалалық полиция басқармасында қазіргі уақытта 700-ден астам полицей жұмыс істейді. Әріптесім Жансая Қайыпова мейрам қарсаңында тәртіп сақшыларының жұмысымен танысып қайтты. Сюжетке зер салайық.


Камила Қонбаева кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс істейді .Ол ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алған. Бос уақытында спортпен де айналысады. Тәртіп сақшысы жұмысының қиын екенін де жасырмайды. Бірақ, бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін дейді ол. Биыл Камиланың полиция басқармасында жұмыс істеп жатқанына 3 жыл болған.


КАМИЛА ҚОНБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Менің ойымша ішкі істер органдарында жұмыс істеу қиын. Полиция мамандығын таңдамас бұрын көп ойлану керек. Мен ата-анаммен ақылдасып бұл салаға келдім. Кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс істейміз. Олардың әрқайсысымен сөйлесе алу керек. Жалпы полиция қызметкерлерінің бойында ең бірінші төзімділік және адамгершілік қасиеті болу керек деп санаймын. Осы қасиеттер арқылы жұмысыңдағы кез-келген мәселені шеше аласың.


Өз ісіне адал тәртіп сақшыларының бірі - Маржан Өтенова. Қалалық полиция басқармасында тергеуші болып қызмет етеді. 2009 жылы ішкі істер органдарына жұмысқа келген. Сол уақыттан бері қаншама қылмыстың бетін ашып, тергеу жүргізді. Жұмыс пен отбасын қатар алып жүрген полиция қызметкерінің екі баласы бар.


МАРЖАН ӨТЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

- Отбасымда ұлым бар, қызым бар. Бос уақытмда соларға көңіл бөлуге тырысамын. Табиғат аясына шығуға тырысамыз.  Келе жатқан полиция күнімен әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Тілерім ең бастысы денсаулық.


 Жалпы, Петропавл қалалық полиция басқармасында қазіргі уақытта 719 полицей жұмыс істейді. Олардың 322-сі әйел адам.