Биыл ақиық ақын М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Мерейлі датаға орай облыс әкімдігінің қолдауымен «Мағжан жастарға. Мағжан балаларға» атты ақынның өлеңдер жинағы жарық көрмек.


 Бұл жинаққа ақынның өскелең ұрпаққа патриоттық рух беретін барлық шығармалары енбек. М.Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда қазіргі М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қайраткері Кеңес үкіметі кезінде солақай саясаттың құрбаны болған. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында бостандық үшін күрескен ақын елдің болашағына сенген. Өзінің рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татутылыққа шақырған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мағжантанушы Зарқын Тайшыбайдың сөзінше, осы уақытқа дейін М.Жұмабаевтың поэзиясы зерттеліп келгенімен, оның публицистикасы, көсемсөзі әлі де терең сараптауды қажет етеді.


ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКАДЕМИК, ПРОФЕССОР, МАҒЖАНТАНУШЫ:

-  Биыл оңтүстік зерттеушілері Мағжан жерінде тағы кітап дайындап, соны толықтыру мәселесін қарастырып жатыр. Толықтыру дегенде Мағжанның поэзиясы зерттелген. Әле де зерттеліп жатыр. Ал Мағжанның публицистикасы, көсемкөзі зерттелмеген. Жастардың назарына ұсынылмаған. Осы жағынан кемтік бар екенін айтамын. Сол кемтікті түзеу кереку.