«Арабеск» үлгілі би ансамблі Алматы қаласында өткен екі халықаралық байқаудан жүлделі оралды. Солтүстікқазақстандық бишілер жақсы нәтиже көрсетіп, қазылар алқасын таңғалдырып шетелден келген қарсыластарын таңдай қақтырды.
«Я в танцах» байқауы халықаралық «Про танцы» жобасының бірі. Онда 80-нен астам би қойылымы қойылды. Олар Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мемлекетінің өкілдері. "Арабесктер" бұл байқауда екі бірінші орын және 4 гран-при иеленді.
ТАТЬЯНА КРАВЧЕНКО, «АРАБЕСК» ҮЛГІЛІ БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
- «Сайыс өте жақсы деңгейде өтті. Қазылар алқасы әділ бағалады. Біз ең алғаш 3 орын алған кезде қатты қуандық. Ал одан кейін 2-ші, 1-ші тіпті гран-при жеңіп алдық. Бұл өте керемет сезім. Ең бастысы бұл сайыс балаларға ұнады. Менің ойымша бұл көрсеткішке ата-аналардың арқасында жетіп отырмыз. Себебі , олар керемет қолдау көрсетті.»
Барлығы 12 нөмір. Әр байқауда «Арабеск» үлгілі би ансамблінің 5 жастан 8 жасқа дейінгі бишілері өнер көрсетті. Солардың бірі - Самира Мұқашева. Ол бимен 4 жасынан бері айналысады. Айтуынша оны бұл үйірмеге алғаш рет анасы әкелген екен.
САМИРА МҰҚАШЕВА, АНСАМБЛЬ МҮШЕСІ:
- «Менің бимен айналысқаныма 3 жыл. Маған билеген қатты ұнайды. Біз кеше ғана Алматы қаласындағы сайыстан келдік. Мен басқа сайысқа қатысушылар сияқты қатты қобалжыдым, бірақ біз жақсы өнер көрсеттік. »
Айта кеткен жөн «Арабеск» үлгілі би ансамблі осы жылы 9 гран-при және 3 бірінші орын иеленді. Би тобына тіпті демалуға да уақыт жоқ. Себебі олар алда Астанада өтетін халықаралық сайысқа аттанады. күтуде.