Облыстық ПД қызметкерлерінің балалары ата-аналарының жұмыс орнында болып, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық полиция ведомствосы жылда салтанатты іс-шара ұйымдастырады. Бұл жолы да бүлдіршіндер автотехника көрмесін тамашалап, музейді аралады, ата-анасының жұмыс орнын көрді.


 Полиция департаменті ғимаратының алдында балаларды заманауи қазақстандық полицияның автотехникасы, арнайы құралдар мен қару-жарақтар көрмесі күтіп тұрды. Жануарларды сүйетіндер қызметтік-іздестіру иттерін көрді. Музейде кішкентай қонақтарға ішкі істер органдарының тарихы туралы айтылды, ал жедел басқару орталығында балалар полиция жұмысында заманауи технологиялардың қалай қолданылатынын көрді. Жедел басқару орталығының мониторларына Петропавлдағы сегіз мыңға жуық бейнебақылау камерасы қосылған.


ДИАС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Маған спецназдар ұнады. Өскенде спецназ боламын.


Экскурсия жүріп жатқанда, ұйымдастырушылар "Менің бақытты балалық шағым" сурет байқауының ең үздік 10 жұмысты таңдады. Облыстық полиция ведомствосының кадр саясаты басқармасының бастығы Әбілғазы Ғабдуллин жас суретшілерге естелік сыйлықтар табыстап, Департамент қонақтарын мерекемен құттықтады.


- Біздің құрметті балалар! Сіздерді ең қуанышты, жарқын және алғашқы жазғы мереке — Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күн - біздің үлкен және тату отбасымыздың кішкентайларына арналған.


 Арнайы шақырылған аниматорлар мереке көрігін қыздырды.